Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Микологиялық зерттеулер арқылы білімгерлердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру (Juniperus virginiana L. негізінде)

Электронды оқу құралы

ӘОЖ 589.2:574.072

ББК 28.0

Түркістан, 2026ж

Авторлар:

Исаев Ғ.И., Томашева Н.А., Бостанова А.М., Ерденов М.Т.

Микологиялық зерттеулер арқылы білімгерлердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру (Juniperus virginiana L. негізінде): Электронды оқу құралы / Исаев Ғ.И., Томашева Н.А., Бостанова А.М., Ерденов М.Т. - Түркістан, 2026. – 176 б.

Оқу құралы туралы

Бұл электрондық оқу құралы «Виргин аршасының микромицеттері: түрлік құрамы, таралуы және зерттеу әдістемесі» тақырыбына арналған және биологиялық білім беру жүйесінде микология, экология және зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру мәселелерін кешенді түрде қарастырады. Оқу құралында Juniperus virginiana L. өсімдігінің морфологиялық, экологиялық және биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ онымен байланысты микромицеттердің (симбиотикалық, сапротрофты және патогендік) түрлік құрамы мен функционалдық рөлі ғылыми тұрғыдан жүйеленіп берілген.

Электрондық оқу құралының ерекшелігі – зерттеушілік бағыттылығы мен интерактивті құрылымында. Материалдар шартты белгілер жүйесі арқылы құрылымдалып, білімгерлердің танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған тапсырмалармен толықтырылған (QR-тесттер, аудио тапсырмалар, кейс-әдіс, зертханалық жұмыстар). Оқу құралында ботаникалық бақ жағдайында микологиялық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі кезең-кезеңімен ұсынылып, далалық, зертханалық және аналитикалық жұмыстардың толық циклі қамтылған.

Сонымен қатар, зерттеушілік құзыреттіліктің құрылымы, оның компоненттері (танымдық, операциялық, аналитикалық, рефлексивтік) және оны қалыптастыру жолдары ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген. Білімгерлерге арналған тапсырмалар жүйесі нақты биологиялық жағдайларды талдауға, деректерді өңдеуге және ғылыми қорытынды жасауға бағытталған.

Аталған электрондық оқу құралы биология, экология және агробиология бағытындағы білімгерлерге, педагогтерге, магистранттарға және ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық танытатын тұлғаларға арналған. Оқу құралы білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдануға және білімгерлердің зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

© Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2026